jasqazaq.kz

Патрик Аллотей: Қазақстанға Қанаттың белбеуін алуға бара жатырмын

27 қыркүйек 2016, 5:26

dndmvuqa

Қанат Исламның қарсыласы ганалық Патрик Аллотей жергілікті тілшілерге берген сұқбатында, Қазақстанға тек белбеу алу үшін баратынын айтты.

Ол өз сөзінде: Қазір күніне 2 рет жаттығу жасап жүрмін. Қанаттан қорықпаймын. Ол небәрі 21 кездесу өткізген. Мен одан қарағанда тәжірибелімін. Кәсіпқой бокста 36 жекпе-жек өткізгенмін. Оның 34-ті жеңіс. Ол маған құрметпен қарау керек. Қанаттың рингте жіберген қателігін мен нокаутқа айналдырамын. Бұл жекпе-жек маған үлкен мүмкіндік. Басты мақсатым, жеңіске жетіп, екі белбеуге ие болу. 29 қазанда ганалықтарды қуантамын! Бұл жекпе-жекке толығымен дайынмын» — дейді.

Отандасымыз Қанат Ислам бұл жекпе-жекке жаттықтырушысы Нельсон Лопеспен бірге қазір Алматыдағы AIBA бокс академиясында дайындалып жатыр. Бокс кешінде Қанат Ислам WBA Fedelatin чемпиондық белбеуін қорғап, WBO intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, жекпе-жек Алматы қаласындағы 12 мың орындық «ALMATY ARENA» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Билеттер 3 қазаннан бастап сатылымға шығады.

oishogyr.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде