jasqazaq.kz

Пәтері көптің салығы да артады

12 маусым 2023, 16:18
Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

Бұдан былай елімізде бір басында бірнеше пәтері бар азаматтарға салық иелігіндегі жылжымайтын мүліктің жиынтық құнынан есептелуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

«Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында өткен жиында ҰЭМ өкілі сән-салтанат салығын жаңаша есептеу жолдары қалай іске асатынын баяндап берді. «Қазір біз сән-салтанат салығын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Президент берген тапсырманың бірі осы болатын. Яғни, бұл жерде жеке бір салықтың түрі туралы айтып отырған жоқпыз. Тауарлардың жеке санатына қосымша салық есептеледі деген сөз. Акциздер арқылы, мүлікке салық арқылы алынады. Біз бұл жерде не ұсынып отырмыз? Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың онсыз да прогрессивті шкаласы бар. Яғни, мүліктің құны неғұрлым жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады – 0,01 пайыздан 1,5 пайызға дейін. Мысалы, 10 бірдей пәтері бар меншік иелері бар. Олардың иелігіндегі әр пәтерді жеке алып есептесе, салық мөлшерлемесі әр пәтер үшін жеке есептеледі. 1 бөлмелі пәтерінің құны 20 млн теңге болса, салық мөлшерлемесі басқаша болады. Ал егер 10 пәтердің құнын қосып есептесек, 200 млн теңге болады. Сәйкесінше 200 млн теңгеге салынатын салық мөлшерлемесі де жоғары болуы керек. Сондықтан осындай санаттар үшін мүлік салығы жиынтық құнына байланысты есептелуі керек. Тиісінше салық мөлшерлемесі де жоғары болады», — деді А.Әмрин.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции