jasqazaq.kz

Пәтер жалдағанда алаяқтан сақ болыңыз

18 тамыз 2023, 9:53

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риелторлар қауымдастығының өкілдері пәтер жалдайтын кезде өте сақ болуды ескертті.
Еліміздің өзін-өзі реттейтін риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко атап өткендей, оқу жылының алдында студенттердің келуіне байланысты тамыз айында тұрғын үйді жалға алу бағасының өсуі қалыпты жағдай.
«Біз нарықтық экономикада көптен бері өмір сүріп келеміз және бағалар ұсыныс пен төлемге қабілетті сұраныстың әсерінен қалыптасатынын бәрі жақсы түсінеді. Қазір байқалып отырған нәрсе, әрине, пәтерді жалға алуға сұраныс артып келеді. Бұл объективті, маусымдық және жыл сайын қайталанатын үрдіс. Бір жағынан көптеген ЖОО-ң өз студенттерін кампус, жатақхана және басқа да тұрақпен қамтамасыз ете алмауына байланысты. Бағалар жақын арада шартты түрде 10-15%-ға көтеріледі. Тамыз айында көтерілген баға қазан айында кенеттен төмендейді деуге де болмайды. Себебі студенттер кем дегенде мамыр айына дейін тұрақты болады. Олар қазір пәтерлерді ай сайын жалға алмайды», — деді Н. Лукьяненко.
Жалға алушылар тұрғын үй нарығында кездесетін алаяқтыққа тап болатын кездері аз емес. Бұны болдырмау үшін риелторлар қауымдастығының өкілі тұрғын үйдің ғана емес, меншік иесінің де құжаттарымен мұқият танысуды ұсынады. Сондай-ақ, ол алаяқтар үйді жалға алуға деген сұраныстың төмен, тіпті тапшылық жағдайында да айласын іске асыратынын айтты.
«Хабарландыру сайттарында аудандар бойынша төмен және жоғары бағадағы пәтерлерді табуға болады. Кей хабарландырулар бағаны ең төменгі бағадан 25-30% төмен көрсетеді, демек оған барлығы хабарласып, тез жалға алуды ойлайды. Алаяқтардың мақсаты — жалға алушыны асықтыру, өйткені төмен бағаны көріп, көбі жылжымайтын мүлікті иемденуге асығады, ал алаяқтар өзгенің ақшасын тезірек иемденеді. Осылайша, көп жағдайда алаяқтар келісім-шартсыз біреудің меншігіндегі пәтерді жалға өткізеді», — деп атап өтті спикер.

JQ-Aqparat

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста