jasqazaq.kz

Париж-2024: Демеу Жадыраев ширек финалда Олимпиада жүлдегерімен белдеседі

06 тамыз 2024, 16:04

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалында Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерімен белдеседі. Ол ширек финалда 77 келі салмақа екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдеседі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ол эквадорлық Джейр Куеромен белдесіп, қарсыласын 8:0 есебімен таза жеңген болатын.

Айта кетсек, грек-рим күресінен ел құрамасында Демеуден басқа Айдос Сұлтанғали (60 келі), Әлімжан Сыздықов (130 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бар.

5 тамызда Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесунде Қырғызстан мықтысы Жоламан Шаршанбековке есе жіберді.
Ал Әлімжан Сыздықов алдымен румыниялық Алин Алексус-Циурариуден басым түсіп, одан кейін әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды.

Сондай-ақ Париж Олимпиадасында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) ел намысын қорғайды.
Күрес түрлерінен жарыстар 5-11 тамыз аралығында өтеді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі