jasqazaq.kz

Параүстел теннисі федерациясы Перизат Қайраттан бас тартты

15 қараша 2024, 14:58

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған 1,5 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінген  қайырымдылық қордың жетекшісі Перизат Қайрат қамауға алынған болатын. Ол сондай-ақ Параүстел теннисі федерациясының президенті қызметін атқарған. Бүгін федерация Перизат Қайраттан бас тартып, қызметінен босатылғаны туралы мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасының Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты енді ұйымның президенті болып табылмайтынын хабарлады. Шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу немесе жұмыс туралы бұйрықтар өткізілмегенін атап өтеміз. Пара үстел теннисінің және спортшыларымыздың дамуына қолдау көрсете отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысымызды жалғастырамыз» — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/01pk/
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық