jasqazaq.kz

Парасыз бір күн

05 ақпан 2021, 16:10

«Басқарма басшысы бюджетке тиесілі 37 млн теңгені құрдымға жіберді. Шенеуніктердің мемлекетке келтірген зияны – 6,5 млрд теңге. Әкім мәселені «шешіп беріп», 100 мың долларды қалтасына басты».

(Соңғы күндері хабар-ошар құралдарында жарияланған ақпараттан)

Қақпақ қажет.
Қазанға емес, қазынаға.
Майлы жілікті ұстап, күн құрғатпай,
қаржыны қымқырып қалатын, ебін тауып, екі асап жымқырып қалатын атқамінер көп бүгінде.

Араны ашылып, қанағат-шүкірін қашырып, шектен шыққан ашкөзге жұтып қою түк емес түйенің түгін де.

Әу баста жүздеп, мыңдап алатын парақор қазір миллиондарды, миллиардтарды қалтаға басады.
Тықыр таянса, жауапкершіліктен сытылуға, заңның құрығынан құтылуға асығып, арам ақшаның барар жері — офшор іздеп шетке қашады.

Қаптесердей тұмсығын терең батырып тартып жейтін, ынсап пен ұятқа пысқырмай, айласын асырып қарпып жейтін құлқынқұмарға «Тарт қолыңды, қазынадан!» дейтін қырағы қақпақ қажет боп тұр.

Қақпақ емес-ау, қаржыны жөнімен жұмсауы тиіс жүйені шегендеп отыратын, ақша құрдымға кетпей тұрып түгендеп отыратын қатаң бақылау керек боп тұр.

Шөп басын сындырмай, ұрлықпен мал тапқанды ащы сынмен түйреп отыратын, харам байлықтың баянсыз екенін ескертіп, «Теріс қылық, жаман әдеттен жирен» деп отыратын ақсақалдың аталы сөзі, қоғамның қырағы көзі қажет.

Жең ұшынан жалғасқан жиіркенішті әдетке бейжай қарамайтын, жан қинамай баюды жетістік деп санамайтын, парақорлықты аяусыз әшкерелеп, ел болып, қоғам болып күресетін ерік-жігер де керек біздің бұл іске.

Сонда ғана өзекке түскен жегіқұрттан арылатын, сұғанақтың қолы қысқарып, жолы жабылатын парасыз күндерге, жемқорлықсыз жылдарға да жетерміз.

Срайыл Смайыл

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық