
Татар елінің Қызыл байрақ ауылындағы мешіт имамы Тимур Ибрагимов 126-шы рет ұшақтан парашютпен секіріп, өзінің әскери икемін тағы бір дәлелдеп шықты. Кезінде Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан ол әскери ұшқыш болған екен.
Алғаш рет 18 жасында парашютпен достасқан ол содан бері өз сүйікті спорт түрінен қол үзбеген екен. Тіпті, кейіннен дін қызметкері болып орналасқан Тимур «Жас десантшы» әскери клубының жаттықтырушысы ретінде қосымша жұмыс жасап келеді.
Бұл жолы Тимур 14 жастағы тәрбиеленушілерді көк жүзіне бастап шығып, олардың аспандағы алғашқы секірулеріне себепкер болған.