jasqazaq.kz

Пара беріп, пара алғанын мойындады

01 ақпан 2017, 17:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қолға түсірген мемлекеттік аудиторлар мен «Қазақавтожол» РМК жетекшілері пара беріп, пара алғандарын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тергеу шараларының барысында Б.Копобаева, С.Мұқашев. Қ.Айжығұлов, Е.Шамишев, Ш.Құрғанова мен Б.Елемесовтер кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін айтты»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, «Қазақавтожол» РМК аймақаралық бөлімдерінің жетекшілері де сыбайлас жемқорлыққа араласқандарын айтып, Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларына 16 млн теңге көлемінде пара бергендерін мойындады. «Оларға қатысты кепілмен босату жазасы қолданылды»,-делінген ҚазАқпараттың ресми жауабына жіберілген хатта. Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсан күні мемлекеттік аудиторлар — Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаевалар, пара берген «Қазақавтожол» РМК бас директоры С.Мұқашев пен оның орынбасары Е.Шәмшиев ұсталған болатын.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді