jasqazaq.kz

Пара алғыш полицейлер құрықталды

04 қазан 2016, 16:14

photo_29951

Ақтөбе облысында жүргізушілерден пара алып отырған қылмыстық топтың беті ашылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық  Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаменті  хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар облыстық ІІД ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) қызметкерлері болып шықты. «Старшина Бижанов, старшина Еркінов және сержант Шадыманов жүргізушілерді әкімшілік жазаға тартпас үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Осылайша 80 мың теңге көлемінде кезекті рет пара алу кезінде полицейлер қолға түсті», — делінген хабарламада.

Ұлттық бюродан айтып өткендей, ұсталған полицейлер кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде қызметтік тұлғалар Ақтөбенің уақытша қамау абақтысына жабылды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде