jasqazaq.kz

Пәк қыздар тізімі ҚазҰУ-де таралған. Университет әкімшілігі не дейді?

14 ақпан 2024, 13:59

Жариялауға жатпайтын жеке деректері таралған студент қыздар ҚазҰУ-де оқитын болып шықты.

Университет әкімшілігі өкілдері осы оқиғаға орай түсініктеме берді.

«6 ақпанда «Smart Health UniversityCity» ЖШС медбикесі WhatѕАрр мессенджері арқылы механика-математика факультеті деканатының маманы Ж.Смағұловаға осы факультеттің 3-4-курс студенттерінің флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Excells форматында тізімін жіберді. Алайда құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек, медициналық құпия мәліметтер де болған. Кейін мессенджерлерге жіберу арқылы университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпия деректер мен мәліметтер тарап кеткен. Осы дерек бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеріс тағайындалды және Алматы қаласының прокуратурасына прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды, студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап, өтініш жолданды», — деп жазылған университет әкімшілігі жауабында.

Университет «Smart Health University City» ЖШС-мен келісімшартты бұзу мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі