jasqazaq.kz

Пәтер жалдап тұратын қазақтардың бір күні (фото)

30 сәуiр 2017, 16:32

Ауылдан Алматыға оқу, жұмыс іздеп келіп жатқандардың көпшілігінде қаланың ішінен жағдайы жасалған пәтер жалдап тұруға мүмкіндік жоқ. Тапқан табысын түгелдей өз аузынан жырып өзгеге беруге қимай жүргендер қаланың шеткері аудандарын паналауға мәжбүр. Ал жергілікті тұрғындар бұл жағдайды талайдан бері «жатып істейтін» кәсіп көзіне айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Алматы шетіндегі ықшам ауданда орналасқан жер үйлердің ауласы қаз қатар тізілген пәтерлер.» Пәтер» деген атауы болмаса, бір-екі бөлмелі аласа үйде ешқандай жағдай жасалмаған. Жалдау құны ары кетсе 30-40 мыңды құрайтын бөлмелер шеттен келген ағайынды осындай арзандығымен ұстап отыр.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

NUR.KZ порталы арзан әрі қалаға қатынау ыңғайлы атышулы «Шаңырақ» ықшам ауданы пәтер жалдаушыларының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып көрді.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Орталық көшеде 45-ші автобус әр бес-он минут сайын ағылып жатыр.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Қақпалардағы «квартираға аламыз» деген тақтайшаларға көз сүрінеді.

Аулада ойнап жүрген бір топ баланы бір үйдің балалары деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда олар осы үйдің ауласына іркес-тіркес салынған шалашта тұратын пәтершілердің қара домалақтары.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Мектепке жақын үйлерде тіпті оннан астам отбасыны сыйдыратын екі қабатты барақтарды кездестіруге болады. Мұндай «пәтерлерді» қалтасы жұқа отбасылардан бөлек қалада колледжде оқитын студенттер, жатақханадан орын ала алмаған университет студенттері де жалдайды.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Шаңырақты 8 жылдан бері паналап жүрген Шырын Орақбаеваның айтуынша, мұндағы пәтер жалдаушылардың 99 пайызы ауылдан келген қазақтар.

«Шаңыраққа 2010 жылы көшіп келдік. Балам мектепке барады. Осында берген соң, бір жерден оқысын деп басқа жерге көшпей отырмыз. Пәтер дегеніміз екі бөлме, айына 25 мың төлеп отырмыз. Мектепке жақын. Жолдасым қалада жұмыс істейді. Шаңыраққа үйреніп кеттік. Бұл жер ауыл сияқты ғой», — дейді ол.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Оның тұрып жатқан ауласында бес шаңырақ тұрады. Айтуынша, ауладағы бес отбасына ортақ әжетхананы өздері кезек бойынша жуып тазалайды екен.

«Біздің қожайын өте таза кісі, пәтершілерін қатты ұстайды. Жиі қонақ күткенімізді жақтырмайды, балаларымыз аулада қатты шулап кетсе, ренжиді. Ауладағы әжетхананы аптасына екі рет кезекшілікке түсіп тазалап тұрамыз. Осындай өзіндік ережеміз бар», — деп әңгімелеп берді ол қазіргі жағдайын.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Шырын ауылдан қалаға келген себебін де айтып қалды.

«Қалаға ерігіп келген жоқпыз. Жолдасым көп ағайынды, ауылда да баспанамыз жоқ. Сосын балаларымызды қалада оқытуға, жан-жақты үйірмелерге қатыстырып тәрбиелеуге мүмкіндік көп. Жақында қаладан алыс болса да, ақша жинап, жер алып, уақытша баспана салып қойдық. Балам бастауыш сыныпты аяқтаса сол үйімізге көшеміз», — дейді ол.

Ол қалада тентіреп жүрген басқа да өзі сияқты жас отбасыларына жаны ашитынын жеткізді.

Әжетхананы алма-кезек тазалайтын Шаңырақтағы қазақтардың бір күні (фото)

Еске сала кетсек,  Шанырақтағы № 26 қазақ мектебі былтыр күзде бірінші сыныпқа 17 сынып жасақталуымен танымал болғанын хабарлағанбыз. Мектеп басшылығының айтуынша, оқу орны пәтер жалдаушылардың балаларымен толып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде