jasqazaq.kz

«Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын». Әнші Ринат Шамшырақтың жары ажырасу себебін айтты

18 желтоқсан 2024, 10:35

Жас әнші Ринат Шамшырақтың келіншегі Аружан Төре ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.  

Кәсіби визажист Аружан Төре TikTok-тағы жазбасында Ринатпен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Ақыры ажырасу туралы басталыпты. Осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім. Мен жылап, депрессияда отыратын адамдардың қатарында емеспін. Бірден осындай шешімге келген жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым. Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек. Мен жалғыз емеспін. Өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін.  Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын. Біздің ажырасуымыздың себебі — осы. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Менің жүрегім тыныштықты қалайды. Күнде қырғынмен өмір сүргім келмейді. Осыған дейінгінің бәрі өтті, бітті. Қосылмаймыз, қосылмаймын да! Маған енді ұят емес!», — деп жазды ол.

Ринат пен Аружанның қосылғанына көп уақыт өткен жоқ. Биыл қаңтар айында қосылған. Аружан тұрмыста болған, бір баласы бар, әрі Ринаттан алты жас үлкен. Ринаттың оған арнап шығарған «Аружаным-ай» әні көпшіліктің көңілінен шығып еді.

JQ-Aqparat

 Сурет: instagram.com/aruka_tore

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі