jasqazaq.kz

Өзгенің шотынан ақша жымқырған алаяқ ұсталды

11 қантар 2024, 10:41


Астаналық полицейлер өзгенің шотынан ақша жымқырған алаяқты ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Тергеу барысында ер адамның көшеде шылым шегіп тұрған жәбірленушіге тақалып, онымен әңгіме өрбіткені белгілі болды. Ол өзін темекі өнімдері бойынша компанияның қызметкері ретінде таныстырып, бір қорап темекіні тегін ұсынған. Күдікті жұмыс орнына есеп беру үшін жәбірленушінің телефоны арқылы белгілі бір функцияларды орындау керек деген сылтаумен оның телефонын алған. Осылайша алаяқ банктің мобильдік қосымшасы арқылы өзінің шотына 450 мың теңгені аударып алған. Алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі