jasqazaq.kz

Қазақ-Өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келеді

19 ақпан 2024, 18:53

Мемлекет басшысы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Еліміз бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты байланыстарды тереңдету ісіне елеулі үлес қосып отырғанына тоқталып, Қазақстан өңір халықтарының игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған Өзбекстанның бастамаларын алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыттарды қарастыру және екіжақты тауар айналымын арттыру маңызды екені айтылды.
Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін атап өтті. Президент Қазақстанның «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салуға кіріскенін мәлімдеді. Бұл жолды одан әрі Өзбекстан шекарасына жеткізу көзделіп отыр. Аталған теміржол байланысы екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан тарапының Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту ісіне атсалысуы барлық тарапқа тиімді болады деп санайды.

Өз кезегінде Бахтиёр Саидов құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегін жеткізді
Министрдің айтуынша, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін жоғары меже қойып отыр. Осыған орай Бахтиёр Саидов бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын баяндады.
Сонымен қатар кездесуде су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытқа жоспарланған екіжақты және көпжақты сипаттағы кездесулер мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Aqorda.resmi

30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды