jasqazaq.kz

Отыздан асқан қазақ қызы: Тоқал алуды заңдастырса екен

21 қантар 2017, 12:57

Қазір «екінші әйел болғым келеді» дейтін қыздар өте көп. Алғашында «Неге өздеріңді екінші сортқа жатқызасыңдар?» – деп, оларды түсінбейтінмін.

Сөйтсем көп жағдайда екінші әйелдің анау айтқандай жауапкершілігі болмайды екен. Ері көп бала тап деп те мазаламайды. Есесіне қымбат сыйлықтар береді.

Бұрын мен де тоқал дегенге қарсы едім. Ал қазір өмірде кейбір нәрселерді уақыттың сұранысына қарай өзгертуге болады деп санаймын. Мәселен, қазір қоғамымызда жасы 27-28-ден асқан қыздар өте көп. Тұрмыс құрғысы келмейді емес, келеді, тек шаңырақ көтерейік деп сенімді түрде айта алатын лайықты ер-азамат жоқ.

Жасым биыл 31-ге толмақ. Бірақ тұрмысқа шыға қоярлықтай жігіт жоқ. Жасың 27-ден асқасын біреудің ұсыныс айта қоймайтынына да көзің жете бастайды екен.

Бухгалтермін. Тұрақты екі жұмысым бар. Қосымша кейбір ұсақ компаниялардың есеп-қисабын жүргізіп беріп ақша табамын. Бір бөлмелі жатақханам бар. Материалдық тұрғыда тәуелсізбін деп айта аламын. Бірақ жалғыз жүргенім жаныма батады. Былтырдан бері жасы 46-дағы  қызметтес, отбасылы жігітпен араласып жүрмін.  Ол менің осы жасқа дейін қыз болып жүргеніме сүйсінді-ау деймін, арамыз содан бері үзілген емес. Бірақ бір шаңырақ астына тұратындай әңгіме айтпайды. Шыны керек, біреудің шаңырағын бұзатын ойым жоқ. Бірақ араласатын құрбыларымның отбасын, жақын-жуықты көріп, соңғы кездері екінші әйел болсаң да отбасың болғаны дұрыс екенін, оның әйел адам үшін маңыздылығын сезініп жүрмін. Өзім «мені тоқал қылып ал» деп айтуға намыс­танамын.

Балалы болғым келеді. Баланы өзім үшін туғым келеді. Оны айтып түсіндірдім де.  «Ешқандай ақша талап етпеймін, өзім бағып-қағамын» деп алдын-ала айттым. Жасырып керегі не, өзі де гүлін алып келіп тұрады, ара-тұра сыйлық жасайды. Алайда тоқал ретінде қабылдағысы жоқ. Осындайда тоқал алуға неге рұқсат етпеске деп ойлаймын. Сонда ең болмаса балама әкесінің тегін алып бере аламын. Өзім туыстарымның алдында жолдасым деп те қысылмай таныстыра алар едім. Тоқал алуға рұқсат беру талай жанбай қалған шырақтың жануына себеп болар еді. Шаңырақтардың себепсіз бұзылуының алдын алатыны да анық. Сондықтан тоқал алуға рұқсат берсек, қоғамдағы бір мәселенің шешілгені болар еді.

Шынын айтайық, қазір қоғамымызда тоқалы жоқ ер адам кемде-кем. Тек заңды түрде рұқсаттың жоқтығы оларды қинайтын сияқты. Сондықтан тоқал алуды заңдастырсақ дұрыс болар еді.

Лаура.

zamana.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде