jasqazaq.kz

Отырар: жастарға спорт алаңын сыйлаған жомарт жан

03 шiлде 2023, 12:59

Отырар ауданында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында біршама жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс істейді. Аталған спорт мектептерінде спорттың сегіз түрінен үйірме сабақтары ұйымдастырылып, үйірме жұмыстарына жалпы 1060 оқушы қамтылған.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы спорттық шараларға зор мән беріледі. Бүгінгі күні аудан көлемінде спорттық сауықтыру кешендерінен басқа, аудан азаматтарының қолдауымен ашық спорт алаңшалары ашылып, жастардың дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалып жатыр.

Міне, осындай мақсатта еліміздің өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан Темір ауылының төл перзенті Дүйсенбек Божаевтың демеушілігімен балаларға арналған ашық спорт алаңшасы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, туған жерін түлетуге атсалысқан азаматқа ауыл халқының атынан алғысын айтты.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Ауылына қарап азаматын таны» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Киелі Отырар ауданының, оның ішінде Темір ауылының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан шыққан ел ағаларының туған жеріне деген ыстық ілтипаты мен адал еңбегінің арқасында деп білемін. Осы орайда мемлекет саясатын іске асыруда өзінің азаматтық борышына адалдық танытып, туған елінің, туған жерінің дамуына атсалысып келе жатқан Сізге шынайы алғысымды білдіремін», -дей келе Дүйсенбек қарияның иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.

Салтанатты жиын барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов пен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Отырар ауданының құрметті азаматы Жонарбек Қаныбеков бүгінгі спорт нысаны ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болады деген сенімдерін білдірді. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бектіқұл Арзықұл мен Темір ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Төрехан Амантайлар ел игілігі жолындағы өнегелі іске ұйтқы болған Дүйсенбек Божаевқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Осыдан кейін жаңа ойын алаңшасының лентасы қиылып, одан әрі 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы аудандық турнир басталып кетті. Турнир соңында жеңімпаздар марапатталып, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Туған ауылына спорт алаңшасын салдырып, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасаған Дүйсенбек Божаевтың мәрттігі өскелең ұрпақты жадында қалып, үлгі-өнеге болары анық.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания