jasqazaq.kz

Өткен жылы Алматы кітапханаларына 3 миллионнан астам оқырман келген

17 мамыр 2024, 12:17

Қала әкімі Ерболат Досаев жаңғыртудан кейін жаңа жұмыс форматына көшкен №14 кітапхананың жұмысымен танысу үшін барды.

Енді орын саны артты, жеке жұмыс үшін оқырман залы, интернет залдар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған бөлмелер жасалды. Кітап қоры мен материалдық — технологиялық база да жаңартылады.

Әкім былтыр 12 маманның Сеулде тағылымдамадан өткенін атап, биыл Германия мен Швейцариядағы тағылымдамадан өтуді жоспарлағанын жеткізіп, оның кітапханашылардың кәсіби дамуындағы маңыздылығын айтты.

«Былтыр сала қызметкерлерінің жалақысы 30% өсті, кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші бірнеше есе төмендеді. Кітапханашылар қала үшін шығармашылық және маңызды жобаларды ұсына бастады, бұл оқырмандарды тартуға және олар үшін ыңғайлы жағдай жасауға көмектеседі. Жалпы, Алматы халқы кітап оқығанды жақсы көреді. Біздің кітапханаларымызда тек өткен жылы бақылау жүйесі көрсеткендей, оқырмандар 3 миллионнан астам келген», — деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары 7 мыңнан астам кітапты цифрландырды, оның 1300 электронды оқу бөлмесінде қолжетімді.

Қазір оқырмандар үшін жағдайды жақсартып, білімге қолжетімділікті кеңейту үшін 28 кітапхананың 18-і жаңғыртылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде