jasqazaq.kz

«Өтірікші, алаяқтар»: мешіт салам деген Төреғалидың қарындасына ауыл тұрғындары қарсы шықты

15 сәуiр 2024, 14:42

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі осыған дейін әлеуметтік парақшасында мешіт құрылысының басталып жатқанын айтқан еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауыл тұрғындары бұл бастамаға қатысты наразылықтарын білдірген.

«Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр. Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс істеуге үлкен шабыт пен жігер берді. Бұрын біз «бір күні қайырымдылыққа мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек» деп армандайтын едік. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіт салуға ниетіміз бар»,- деп жазған еді блогер үш күн бұрын.

Ал кеше әншінің қарындасы ауыл адамдары бұл бастамаға қарсы екендерін жеткізген. Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жылап айтып берді.

«Мешіт салып жатқан сендер кімсіңдер?» дейді. Бізді өтірікші, алаяқсыңдар деп қаралады. Бұл біздің үлкен арманымыз. Зауыт емес, осы мешіт саламыз деп ниеттендік. Бізге бұдан ешқандай пайда келмейді. Көп еңбек еттік »,- деді блогер.

Ол бұл жағдайды ушықтырмай, қажет болса, басқа ауылға мешіт салатынын айтады. Оның оқырмандары осындай ой тастаған.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі