jasqazaq.kz

Отбасының шырқын бұзған 13 мың адам қамауға алынды

17 қазан 2023, 14:23

Қазақстанда отбасының шырқын бұзғаны үшін 13 мың адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты.

Оның айтуынша, соңғы 3 айда (шілде, тамыз, қыркүйек) отбасында жанжал шығарып, жазаға тартылғандардың саны 4 есе өскен. Биыл екінші тоқсанында осындай 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адам болды. Тиісінше қамауға алынғандар саны 2 есе өскен.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрмыстық қылмыстардың өсуі байқалса, қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл 9 айда олардың төмендеу үрдісі байқалды.

«Бұл ретте кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру саны азайған. Министрлік алдын алу жұмыстарын жандандырған. Тұрмыстық жаңжалқойларға қатысты 51 мың әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сот шешімі бойынша 13 мыңнан аса адам қамауға алынған, 11 мың адамға ерекше талаптар белгіленді. Жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін 68 мың қорғау нұсқамасы шығарылды», — деді Игорь Лепеха Үкімет отырысында.

Вице-министр отбасының берекесін қашырған барлық адампрофилактикалық есепке қойынғанын атап өтті. Бүгінде полиция оларды қырағы бақылауға алған. Нәтижесінде шектеулерді бұзғаны үшін 8 мың есептегі адам жауапқа тартылған.
Игорь Лепеха тұрмыстық қылмыстардың шамамен 80%-ы мас күйінде жасалатынын жеткізді.

«Сондықтан бүгінде мас күйінде тұрмыстық жаңжалқойларды оқшаулау мәселесі маңызды болып саналады. Еліміз бойынша 880 төсек-орын бар 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалада орналасқан. Бұл проблема ең өзекті болып табылатын моноқалаларда – бұл жақта олар мүлдем жоқ», — деді министрдің орынбасары.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі