jasqazaq.kz

Отбасымен саяхаттамақ болған азамат алаяққа алданды

20 желтоқсан 2023, 10:43

Отбасымен Түркияға саяхаттамақ болған елорда тұрғыны алаяқтың арбауына түсті. Polisia.kz хабарлағандай, Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасаған 44 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында қаскүнемнің Түркияға отбасымен демалуға жолдама беремін деген сылтаумен қомақты ақша иемденгені анықталды. Елорда тұрғынынан 2,8 млн теңгеден астам қаражатты толық көлемде алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ өтініш білдірген клиентті демалыссыз қалдырған. Алданған азамат амалы қалмаған соң, тәртіп сақшыларына арызданған. Белгілі болғандай, анықталған азаматшаның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ол бұрын туристік компанияда қызмет атқарған. Клиенттермен қалай сөйлесу керектігін жақсы меңгеріп, демалыс орындары туралы толық мағлұмат бере алған. Осылайша аңғал адамдарды арбауына түсірген. Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі