jasqazaq.kz

Отандық сериалдарға түскен актер есірткі сатып ұсталды (Видео)

27 қараша 2024, 16:58

Сурет: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Жуырда Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті.

Polisia.kz хабарлауынша, тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен «аlfa-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді. Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі