jasqazaq.kz

Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалады

13 тамыз 2024, 11:06

Осы жылдың соңына дейін отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасақталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

“Бүгінде отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін жинақтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Тізілімде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім, көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылатын болады», — деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, тізілімге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларына қатыса алады.

«Тізілімге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылады. Осы жылдың соңына дейін тізілімді іске қосу жұмыстарын толық аяқтау көзделіп отыр», — деді Қанат Шарлапаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі