jasqazaq.kz

Отандық энергетика: жапон елімен ынтымақтастық нығая түседі

12 қантар 2024, 23:08

Бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жапонияның экономика, сауда және индустрия вице-министрі Козуки Ресукемен кездесті.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, тараптар энергетикалық ресурстар мен технологияларды, соның ішінде энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Еліміз бен Жапония арасында мұнай және газ өндіру, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту, уран өндіру саласында бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ энергетикалық нысандарда жапондық технологияларды пайдалану саласында табысты ынтымақтастық бар.


Біз үшін маңызды бағыттар – тау-кен өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту, мұнай-газ секторын шикізаттан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге қайта бағдарлау, атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Бұл кездесуге дейін еліміздің энергетика министрі мен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі энергетикаға көшу аясында төмен көміртекті  дамыту және өзара іс-қимыл саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

JQ-Aqparat

Суреттер: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде