jasqazaq.kz

Отандастарымыз қытайдағы шоудан көлік мініп қайтты (видео)

25 сәуiр 2017, 18:41

Қазақстандық акробаттар — 25 жастағы Батыр Жанұзақ пен 23 жастағы Марлен Маратов Қытайдың Үрімші қаласында өткен Reality Show Talent байқауында көлік ұтып алды.

Олардың айтуынша, тағы жеті команда байқаудың үш кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға өткен. Жүлделі үш орынды Қытай қатысушылары алған. Ал қазақстандықтар 4-орынға тұрақтаған. Айта кетейік, шоу ұйымдастырушылары жеңімпазға жол талғамайтын көлік, күміс жүлдегерге — кроссовер, ал үшінші және төртінші орынды иеленгендерге Ford Mondeo көлігі берілді. «Біз Алматыда тұрамыз және Қазақ мемлекеттік циркінің әртісіміз. Осыған дейін біз Испанияда, Францияда, Латвияда және Қазақстанда өткен цирк фестивальдерінің лауреаттары атанғанбыз. Қытайда өткен таланттар байқауының финалына қытайлық төрт команда, қазақстандық үш команда және Украиндан бір команда өтті. Көліктен бөлек бізге Бейжіңде өтетін таланттар шоуына жолдама берді», — деді байқау жүлдегерлері. Айта кетейік, қазақстандық таланттар Үрімшіде өткен байқаудың финалында күрделі акробатикалық нөмірді көрсетті. «Біз Қытайға финалға 10 күн қалғанда келдік. Алайда олар бізге осы уақыт бойы дайындалу үшін алаң бермеді. Соңында біз финалға бір күн қалғанда да дайындалдық. Сонда да жүлделі орынға ие болдық. Визамыздың мерзімі аяқталғандықтан біз бірден Қазақстанға ұшып кету керек болдық. Финалдың көрсетілімі мамырда болады, сол кезде Қытайға барамыз. Сонда жүлдемізді алып, отанымызға қайтамыз деп ойлаймын», — дейді жүлдегерлер.

https://youtu.be/dtMKQU9h-dA

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде