jasqazaq.kz

«Осындай нан жейсіңдер ме?»: Жұрт Ерке Есмаханның дастарханын сөз етті

13 қыркүйек 2023, 16:55

Ерке Есмахан әлеуеметтік желіде дастарханын көрсетіп, оқырман сауалына жауап берді. Әнші көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті етті, деп жазды stan.kz.
Желі қолданушылары әншінің дастарханындағы бөлке нанды көріп, Еркені сұрақтың астына алған көрінеді.

“Бүгін мен оқырманыма таңғалдым. Осы нан үшін қаншама хат алдым. “Осындай нан жейсіздер ме?”, “Осындай қарапайымсыздар ма?” деп жазғандар көп. Біз қалай қарапайым болмаймыз? Қазақстанда тусақ, ауылдан шықсақ, қазақтың қарапайым ұлы мен қызы болсақ, қалай қарапайым болмаймыз? Біз де дәл сіздер сияқтымыз. Бүгін осы нанды күйеуім маған қанша дүкенді аралап жүріп, іздеп тауып әкелді. Бұл –менің ең жақсы көретін наным”, – дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ әнші ас әзірлеп жүріп, қолын жарақаттап алғанын да айтты.

“Кеше кешкісін тамақ дайындап жатып қолыма пышақтың ұшының жартысы кіріп шықты. Қан тоқтамай қойды. Содан бақырып, жылап-сықтап, әрең ес жидық. Күйеуім менен бетер болды. Бүгін сөйтіп тамаққа тапсырыс беріп жаттық. Енді ас бөлмеге ақырындап жақындап жатырмын”, – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі