jasqazaq.kz

Осымен іс бітті: Air Astana 12 жасар Зереге өтемақыны толық көлемде төледі

23 қантар 2025, 12:39

Air Astana әуе компаниясы 12 жасар Зере Ғалиеваның анасына өтемақыны толық көлемде төледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Адвокат Дәнелхан Шағатаев өзінің Телеграм-каналында былай деп жазды:
«Жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Баланың анасы сот шешімі бойынша тиісті өтемақыны толық алды. Эйр Астана мәжбүрлеп төлеуге жеткізбей сот шешімін орындады.

Бұған қол жеткізу үшін өткен жылдан бері әрекет жасадық. Жүйке тозды, қаншама күш жұмсадық. Бірақ, ең бастысы, нәтиже жақсы. Көпшілік 4 миллионды алып, соттаспай-ақ қою керек еді десті. Әрине, ондай мүмкіндік болды. Әйтсе де, Зеренің анасы өз шешімін қабылдады, бұл бекер емес.
Резонанс тудырған іс қолданыстағы жолаушылар тасымалы туралы заңға, сондай-ақ FlyArystan әуе компаниясының өз ішіндегі ережелерге өзгеріс енгізуге түрткі болды.

Алдағы уақытта кәмелетке толмаған балалардың құқығын бұзу қайталанған жағдайда сүйенетін бағыт бар. Сот практикасын жақсарттық».

Шағатаевтың айтуынша, Air Astana 8 692 000 теңге төледі. Бұған әкімшілік айыппұл мен моральдық шығын үшін өтемақы кіреді.
Адвокат жазбасында: «Әуе компаниясы үшін көп сома емес шығар, бірақ, меніңше, жағымсыз әсері болды. Осы іс біткенше бізге қолдау көрсетіп, көмек қолын созғандарға алғыс айтқым келеді.

Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деген үміттемін. FlyArystan Президенті қабылдағысы келетін жолаушы балалардың құқығын қорғауға қатысты шаралары шын мәнінде тиімді болатын шығар», — делінген.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі