jasqazaq.kz

Қостанайлық зауыт автобус құрастыруды қолға алды

25 қыркүйек 2016, 17:01

59f70b76b720fc8eb10a0d2ed8f9eed7_resize_w_520_h_

Қостанайдың машина зауыты қытайлық компаниямен бірлесіп, автобус құрастыруды қолға алды. Қоғамдық көліктер жыл соңына қарай сатылымға шығарылады. Келешекте машиналар Ресей мен Беларусь Республикасының нарығына экспортталмақ.

Автобустың бөлшектері Қостанайдың машина зауытына дайын күйінде келеді. Бұған дейін көліктің бірнеше түрін шығарып тәжірибе жинақтаған жергілікті жұмысшыларға автобус құрау қиынға түскен жоқ, жылдам меңгеріп кетті. Алдағы мақсат – автоөнімдегі қазақстандық үлесті арттыра түсу.

Темірхан Мұқабаев, құрастыру цехының шебері: — Бір апта бойы Қытайдан келген мамандар бізді оқытты, бірге құрастырып көріп, үйреніп алдық. Әзірге ірі бөлшектерден құрап жатырмыз, болашақта бұл автобустарды ұсақ бөлшектерден бастап жинайтын боламыз. Кәсіпорында қоғамдық көліктің ұзындығы 8 метрден бастап 12 метрге дейінгі үш түрі құрастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. «Бұл автобустардың одан өзге де артықшылығы көп», — дейді мамандар.

Байғали Исмағұлов, Коммерциялық техникаларды құрастыру цехының басшысы: — Автобустар «еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизельді отынмен де жүреді. Ұзындығына қарай орын саны көбейе береді. Мұнда жолаушыларға жайлы болуына баса мән берілген.

Жаңа автобустардың бағасы 26 млн теңге шамасында. Оны өтімді ету үшін арнайы қаржылық қолдау жағы да қарастырылған. Болашақта қоғамдық көліктердің қалааралық, туристер мен оқушыларға арналған түрлері де құрастырылмақ.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде