
Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді делінген Руслан Гафаров ұсталды.
Полицейлердің мәліметінше, 2017 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облыстық ІІД өкілдері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында осыған дейін іздеуде жүрген Руслан Гафаров ұсталды. «Қылмыс жасады делінген күдікті Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінен табылды. Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ІІД өкілдері. Tengrinews.kz хабарлағандай, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған еді. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын.