jasqazaq.kz

Қостанай облысындағы апаттың мән-жайын автобус жүргізушісі айтып берді

29 шiлде 2016, 22:08

20160729194923

Қазақстан аумағында жол апатына ұшыраған ресейлік автобус жүргізушісі алты адам қаза тапқан ірі жол апаты жайлы әңгімелеп берді.

Қазіргі уақытта медициналық көмек қажет болған бірнеше жолаушы Қарабалық ауылы маңындағы қонақүйде жатыр.

Қона үй иесі, жергілікті кәсіпкер Марат Айтқазин қонақ үйге жолаушыларды ғана емес, қазақстандық төтенше жағдай қызметкерлерін, автобус жүргізушілерін де орналастырды.

«Бізге қарсы жүк көлігі келе жатқанын көргенде, соқтығыстан қашу үшін автобусты жыраға бұрдым», — деп мойындады апат кезінде автобусты басқарған жүргізуші. — Жүк көлігімен бәрібір соғыстық, жолаушылардың өмірі үшін қатты қорықтым».

Жүргізушінің аяғы жараланғандықтан, сәл ақсап жүр. Егер автобусты жыраға қарай бұрмағанда, апат құрбандарының бұдан да көп болатынын ол жақсы түсінеді.

Челябинск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақтық денсаулық сақтау басқармасы ауыр халде бірнеше челябілік тұрғындар жатқан Қостанай мен Қарабалық ауруханасындағы әріптестерімен үзіліссіз байланыста.

Әзірге, жол-көлік апатынан зардап шеккен үш Челябі тұрғыны жайлы деректер бар. 18 жастағы қыз отогематома алған, оған емханада медициналық көмек көрсеткен. 51 жастағы ер адамның іш құрылыстарына зақым келген, ол қазір Қостанай облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 56 жастағы Челябі тұрғынының миы шайқалған, бассүйек-ми жарақатын алған, көзіне, бет-әлпетіне зақым келген. Ол да Қостанай облыстық ауруханасының бет-жақсүйек хирургиясы бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 27 шілде күні Қостанай облысының тас жолында ірі жол-көлік апаты орын алды. Қостанайдан Ресей шекарасына бет алған жүк көлігі қарсы жолаққа өтіп, жолаушылар автобусымен соғысқан. Нәтижесінде автобуста болған алты адам қаза тапты, арасында 12 жастар жасөспірім де бар. Тағы 25 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

 

inform.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді