jasqazaq.kz

Өскеменде сотталғандарды тоқтату үшін оқ атылды

14 сәуiр 2023, 15:29

Өскемен қаласында түрмеге лақтырылған тыйым салынған затты алмақ болған сотталғандар сақшыларға қарсылық көрсетті. Мекеме қызметкерлері аспанға бірнеше рет оқ атуға мәжбүр болған. ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше 14 сәуірге қараған түні сағат 00.21-шамасында Өскемендегі №16 түзету мекемесінің бекеттерінің бірінде орын алған. «Белгісіз біреу қоршаудың арғы жағынан түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырып жіберген. Оралған зат бақылау күзетіндегі тыйым салынған аймаққа түсті. Сол сәтте 3 сотталған адам жүгіріп келіп, затты алып кетпек болғанда оқиға орнына 6699 әскери бөлімінің екі бақылаушысы жедел жетіп, сотталғандарды ұстай бастады. Алайда олар бақылаушыларға қарсылық көрсеткен. Жағдай ушығып бара жатқанын жоғарыда байқап тұрған сақшы дереу «Тоқта, артқа шегін, атамын!» деп айғайлап, автоматты сақтандырғыштан алып, жоғарыға ескерту оғын атты. Сол кезде сотталғандардың бірі оны алу үшін негізгі қоршау аймағына қарай ұмтылған. Мұны сырттан бақылап тұрған сақшы айғайлап, аспанға ескерту оғын атады. Қарудың дыбысынан қорыққан сотталушы дереу артқа шегінген. Осы сәтте ішкі аумаққа жүгірген екі бірдей сотталған да дереу ұсталды», — деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура