jasqazaq.kz

Орынсыз тексеріс жүргізгендер жұмыстан қуылады

23 ақпан 2017, 18:03

Бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында министр Бақыт Сұлтанов орынсыз рейдтік тексеріс жүргізетін қызметкерлерін жұмыстан шығаруы мүмкін екенін айтты.

baq.kz хабарлағандай, «мемлекет басшысы айтқан маңызды мәселенің бірі – тексерістердің көптігі. Өткен жылы 76 мың тексерудің төрттен бір бөлігі, яғни 23 мыңы – рейдтік тексеру болды. Бұл жерде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне пайдасы жоқ болса, осы рейдтік тексерулерге шықпай-ақ қойсын деген тапсырма бердік»,- дейді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, тексерістердің негізгі бөлігі кассалық аппараттардың бар-жоғын анықтауға қатысты екен.

«Әрине, 23 мың тексеруді өткізбей-ақ қойсақ та болатын еді. Кассалық аппараттардың жоқтығына байланысты айыппұл салынады. Бізде айыппұл жоспарланбаған. Мен қазір кәсіпкерлерге өз ұсынысымды айтқым келіп отыр. Барлықтарыңыздан өтініп сұрайтыным, кассалық аппарат орнатып қойыңыздар. Сол кезде сіздерді ешкім қинап, рейдтік тексеріс өткізбейді. Біз бұл мәселеде өз әріптестерімізге қатаң талап қоямыз. Тіпті жұмыстан шығаратын жазаға дейін қолдануымыз мүмкін», – дейді министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде