jasqazaq.kz

Өрттен екі зейнеткер құтқарылды (Видео)

20 қараша 2023, 10:19


Патрульдік полицейлер Петропавлдағы ықшам ауданда шыққан өрттен екі зейнеткерді аман алып шықты. Polisia.kz хабарлағандай, 19 қараша күні сағат 11:05 кезінде Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев Жас өркен ықшам ауданындағы жеке сектордан шығып жатқан қою түтінді байқап қалған. Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне қосылып салынған көппәтерлі үйден шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады. Полиция мен өрт сөндірушілердің бірлескен сауатты іс-қимылының арқасында ешкім зардап шекпеді. Өрт толық ауыздықталғаннан кейін Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев өздеріне бекітілген учаскеде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде