jasqazaq.kz

Өртенген үйде Шерзат Болаттың отбасы тұрмаған

13 қазан 2024, 0:36

Бүгін таңертең Шерзат Болаттың үйі өртенгені туралы ақпарат тараған болатын. Осы оқиғаға қатысты кешке қарай ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеме жасады.
Бауыржан Әленов: «Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасалған жерді мұқият тексеруде. Бейнебақылау камераларындағы бейнежазба да қаралып жатыр», — деді.
Оның айтуынша, өрт болған үйде ешкім тұрмаған. Қазір мерт болған баланың жанұясы тұратын аумақты полиция қызметкерлері күзетіп жүр. «Күдіктілер қылмыстық жауапқа тартылатынына кепілдік береміз», — дей келе, Бауыржан Әленов жалған ақпарат таратпауды ескертті.
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов өрт болған үйде барлық айғақ алынып, қажетті сараптама жасалып жатқанын айтты.
Облыс прокуроры: «Сараптама жасалып біткеннен кейін қосымша деректерді жариялаймыз. Бүгінгі күні шындыққа жанаспайтын неші түрлі ақпарат тарап жатыр. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз», — деді.
JQ-Aqparat

Сурет: бейнежазбадан

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі