jasqazaq.kz

Өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгерінің мүрдесі табылды

24 сәуiр 2023, 10:16

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйдің бірінде болған өрттен 54 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды. Денесінде пышақ жарақаты бар өртеніп кеткен әйел «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында заңгер болып жұмыс істеген. 112 қызметінің диспетчеріне 23 сәуір күні түскі уақытта көпқабатты үйден өрт шыққан тыруалы ақпарат келіп түскен.
«23 сәуір сағат 13:01-де Шахтинск қаласында Жеңіске 40 жыл көшесі, 79-шы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. ТЖ департаментінің күшімен кіреберістегі пәтерлерден 9 адам эвакуацияланды. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. Қайтыс болған әйелдің денесінде пышақ жарақаты болғандықтан полиция «кәісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,-деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі