jasqazaq.kz

Орталық Азия елдерімен келісім: еліміз көктемде 11 млрд текше метр су алады

30 қантар 2025, 11:03


Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды.
Келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.
«Бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы – министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

JQ-Aqparat
Сурет: ortcom.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі