jasqazaq.kz

Орта кәсіпкерлікті дамыту талқыланды

14 сәуiр 2023, 12:05

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері талқыланды. Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада 2 910 орта кәсіпкерлік субъектісі бар екенін баяндады, олардың ЖІӨ-дегі үлесі – 6,3%. Бұл кәсіпорындарда шамамен 380 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты.
«Біз бұл ұсыныстар бойынша, бірінші кезекте бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, жақсылап жұмыс істеуіміз керек. Оларды мұқият зерделеп, заңнамаға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу қажет. Орта бизнесті нығайту үшін барлық бағыт, атап айтқанда, салық бойынша, әкімшілік және басқа да ынталандыру құралдарын қарастыруымыз керек. Бұл жұмыспен қамтылғандар қатарын арттыруға және кәсіпорындар қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауға, ашықтықты кеңейтуге және жалпы экономикамызды дамытуға және әртараптандыруға ықпал ететін болады. Құжат бизнестің барлық сұранысын қанағаттандыруы керек. Бұл жұмысқа бизнестің өзін, сарапшылар қауымдастығын, Парламент депутаттарын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Президент Әкімшілігінің өкілдерін белсенді түрде тарту қажет. Осы орайда, орта кәсіпкерлікті сапалы дамыту үшін жаңа тәсілдерді бірлесіп әзірлеу, басымдықтарды белгілеу маңызды», – деген Әлихан Смайылов күзге дейін орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасын аяқтап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына біріктіруге күш салы қажеттігін де атап өтті.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата