jasqazaq.kz

Өрт үшін әкім сөгіс алды

23 мамыр 2023, 11:02

Жуырда Петропавл қаласында қураған қамыс өртеніп, қызыл жалыннан қаланың 9 үйі өртеніп кеткен еді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының отырысында Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев сөгіс алды. Оған негіз – өрттің алдын алуда тиісті жұмыстың жасалмауы. Мәселен, қураған шөпті шауып, жою үшін бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыс жүргізілмеген.

«Қала әкімі жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған. Қураған шөп-қамыс дер кезінде шабылмаған. Осындай жауапсыздықтан тұрғындар баспанасыз қалды. Бар мүлкінен, құжаттарынан айырылды. Мұның алдын алуға болар еді, егер де тиісті жұмыс уақытында жүргізілсе. Арнайы қаржы бөлінбесе, ақша болмаса мен түсінер едім», — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
7 мамыр күні Петропавлдағы Береке ықшам ауданында қамыс жанып, қатты желдің салдарынан тілсіз жауды ауыздықтауға үш сағат уақыт кетті. 9 үй күлге айналды, тағы екеуіне зақым келді, олар тұруға жарамайды. Салдарынан 11 отбасы баспанасыз қалды.

Осы оқиғаға қатысты Петропавлда жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Бұл далада қалған отбасыларға ҚР заңнамасы аясында келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеу үшін енгізіліп отыр.

Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккендер уақытша баспанада тұрып жатыр.
Тәуелсіз сарапшылар тұрғындарға келтірілген материалдық шығынның мөлшерін есептеп шығарады. Сондай-ақ баспана иелеріне 100 АЕК мөлшерінде өтемақы да берілмек.

JQ-Aqparat

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті