jasqazaq.kz

Орманда от жағамын деп 345 мың теңге айыппұл арқалады

02 мамыр 2023, 11:37

Іле Алатау ұлттық табиғи паркінде от тұтатқан 38 жастағы тәртіп бұзған серуендеушіге 345 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жыл басынан бері Алматыда қураған шөп өртенуінің 2 жағдайы тіркелді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2023 жылдың 20 наурызынан бастап өрттің қауіпті кезеңі жарияланды.
«Алматы қаласының аумағында 19 мың 803 га Іле Алатау ұлттық паркі орналасқан. Жыл басынан мұнда екі жағдай тіркелді. Атап айтар болсақ, 23 сәуір күні Алматы-Арасан шатқалында, Терра алқабына барар жолда 0,5 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды. Сондай-ақ 27 сәуірде қаланың Медеу ауданында, Іле Алатау ұлттық паркінің аумағында, Ағартушы шатқалында жалпы 100 шаршы метр жерде қураған шөп тұтанды. ТЖД және «Іле Алатау» МҰТП қызметкерлерінің қабылданған жедел шараларының арқасында өрттің орманға таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады ведомстводан.
Өрттің шығуына тұрғындардың от салдарына немқұрайлы қарауы себеп болып отыр. Қалалық ТЖД мамандары таулы жерде шылым шегіп, от жақпауға кеңес береді. Егер тауға серуенге шығар болсаңыз, Іле Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған – 14 орын, Алма-Арасан шатқалының аумағында -12 орын, «Бутаковкада» 2 орын бар.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы