jasqazaq.kz

12 млн теңге айыппұл: Ордабасыда Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған әйелге іздеу салынды (Видео)

07 сәуiр 2025, 14:42

Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағын теріп алған келіншекті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Тұқымы топырақта 4 — 7 жылға дейін сақталатын жабайы қызғалдақты бейберекет жұла берсе, бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сондықтан сәуір айы басталғанда облыстық полиция әлеуметтік желіні шолып, мониторинг жүргізеді.
Биыл Орбадасы ауданында қызғалдақ теріп жүрген әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бұл әрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оған сәйкес, 3000 айлық есептік көрсеткіш (11 796 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 800 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады, не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.
Еске салсақ, былтыр да бір бойжеткен гүл теріп, көзге түскен. Бір қызығы, мұндай қылмысқа танымал адамдар да барады. Мәселен, бір депутат қызғалдақ ұстап тұрған суретін желіде жариялап, біреулер ескерткеннен кейін өшіріп тастады.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі