jasqazaq.kz

Ордабасы: Ізгіліктің ізімен

03 шiлде 2023, 12:49

Жастарға рухани тәлім-тәрбие беру – бүгінгі заманның өзекті мәселесі. Адамзаттың санасын ғаламтор жайлаған заманда жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани жағынан сусындату өз алдына. Сонымен бірге алда кездесетін қиындықтарға төтеп беретін, өмір сынына мойымайтын адам ету де маңызды. Сол үшін де жастарға аға буын мен ақ жаулықты аналар ақыл-кеңесін айтып, өздері үлгі болуы тиіс.

Міне, осы қағиданы басшылыққа алған «Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Жастар сарайында «Ізгіліктің ізімен…» тақырыбында аналардың жастармен кездесуін ұйымдастырды.

Ордабасы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, кездесуге отағасы өмірден өткен, кезінде түрлі басшылық қызметтерді абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуіне елеулі үлес қосқан азаматтардың жұбайлары, өмірдің қиыншылығына мойымаған, ұл-қыздарын жақсы тәрбиелеген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, жастарға айтары бар берекелі отбасылардың аналары шақырылды.
Олардың арасынан Нәсира Бердімұрат, Сәрсенкүл Сағымбекова, Дана Жарқынбекова, Дүйсенкүл Оспанова, Мүслима Далбаева, Рабиға Байжан, Рахима Мырзалы, Рая Нұрмаханова, Нұржамал Шыршықбаева, Тамара Бәкір апаларымыз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Отбасы берекесінің сақталуы үшін сыйластықты, отағасына құрмет, бала тәрбиесі мен келіндер тәрбиесі, абысын-ажын, ағайын-туыстармен ара қатынастары туралы кеңінен әңгімеледі. Жалпы отбасы құндылықтарының, отбасындағы ұстанымның берік болуына жасалған, намысты қайрауға жасалған қызметтері жайында, өз мамандықтары бойынша атқарып жүрген жұмыстарының өзгеден озық болып тұруы үшін еңбек еткендерін әңгімеледі.

Бұл «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Алғашқы бос жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеп жүрген жоғары білімді, жас мамандарға ой тастайтын, өнегелі кездесу болды.

Шараға шақырылған аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Құнанбайұлы Сейітқұл, білім саласы кәсіподағы аудандық комитетінің басшысы Қайрат Асылбекұлы Төлебаев, «Ауданның құрметті азаматы» Бостандық Бөпешбайұлы Жәкей естеліктер айтты. Жастарға өнеге боларлық отбасы аналарына ризашықтарын білдірді.

Шараға қатысқандар тарапынан осы тәрізді жастарға өнеге болатын, тәрбиелік мәні бар кездесулерді көптеп ұйымдастыра беруді ұсынды.

Айдос Құсайынұлы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі