jasqazaq.kz

Оралда жігіт пен қыз көлік ұрлап қашып, жол апатынан қайтыс болды

01 мамыр 2017, 17:35

Оралдың орталық көшелерінің бірінде жігіт пен қыз жол апатына түсіп қайтыс болды. Аталған көлікті екеуі ұрлап айдап кеткен екен.

«Жол көлік оқиғасы 1 мамыр күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алды. 20-25 жас аралығындағы қыз бен жігіт ұрланған көлікке мініп, Шаған-Жағалау көшесімен келе жатып апатқа ұшыраған. «Пассат» көлігін тізгіндеген жүргізуші «Сандықтар» дүкенінің қабырғасына келіп соқтығысқан. Жүргізуші мен жолаушы сол жерде қайтыс болды», — делінген БҚО ІІД-нің бапсасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру барысында белгілі болғандай, апатқа ұшыраған көліктің иесі мүлдем өзге адам болып шықты. Ер азамат көлігін жөндету үшін Оралдағы автосервистердің біріне тастап кеткен екен. Оны сол жерден ұрлап кеткен. Марқұмдардың апат алдында спирттік ішімдік ішкен-ішпегені қазір анықталып жатыр.

«Мой город» порталының жазуынша, осыдан бір жылдай уақыт бұрын дәл осы маңда жан түршігерлік жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі жас жігіт пен бойжеткен қыз қайтыс болыпты.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде