jasqazaq.kz

Оралда таяқ ұстаған бір топ жігіт жаппай төбелес шығарды (Видео)

05 қараша 2024, 11:28

Оралда түнгі уақытта жанар-жағармай құю бекетінің маңында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде Оралдағы түнгі төбелестің видеосы тарады. Кадрдан таяқ ұстаған бір топ жігіттің бір адамды соққыға жыққанын байқауға болады, артынша екі рет атылған тапанша дауысы естіледі.

БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 3 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында болған. Оралдағы түнгі клубтардың біріне келген ер адамды мекеме күзетшілері ішке кіргізбеген. Өйткені ол мас болып, өзін дөрекі ұстаған. Бұған ызаланған жігіт түнгі клубта екі адамды пышақпен жарақаттаған, зардап шеккендердің біреуі – күзетші. Осыдан кейін клубтағы бір топ адам мен күзет қызметкерлері әлгі бұзақыны жанармай бекетінің алдында ұстап, полицейлер келгенше ұрып-соққан.

«Ер адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, бұзақылық фактісі бойынша түнгі клубтың күзетшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді ПД.

Полиция төбелеске қатысқандардың бәрін анықтап, ұстаған. Тергеу жүріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мой ГОРОД (@mgorod.kz)

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі