
Оралға сақырлаған сары аяз келді. Бір апта бойы тұрған суықтан үсіп қалғандардың саны да артуда. Өткен екі күн ішінде облыстық ауруханаға қол-аяғын үсіткен 3 адам түскен.
ktk.kz Синоптиктер аяз демалыс күндері де жалғасады деп болжайды. Осыған байланысты сабақтар да тоқтап жатыр. Алғашында бастауыш сыныптағылар оқудан босатылған. Ал бүгін аяз минус 30 градустан асқан соң 9 сыныпқа дейінгілердің де сабақтары тоқтады. Дегенмен мұғалімдер бұл үзілістер мектеп бағдарламасын меңгеруге әсер тепейді деп отыр.
Александр Мозжухин, №9 мектептің директоры:
Сабақтардың тоқтауы мектеп оқушыларына кедергі келтірмейді. Осы уақытқа жоспарланған оқу бағдарламасы түгел қамтылып бітті. Бұл үзіліс оқушыларға кері әсер етпейді деп ойлаймын.