
Оралда Жұлдыз Сисенова есімді келіншек 26 сәуір күні Теректі ауданы, Богдановка ауылындағы үйінен шығып кетіп қайта оралмаған.
Туыстарының айтуынша, 21 жастағы Жұлдыз сол күні таңертең Орал қаласына кетіпті.
“Таңғы 6-да ол бізге жұмыстарымен қалаға барып келетінін айтты. Балаларға қарай тұруды сұрады. Оның күйеуі Оралда жұмыс істейтіндіктен, күйеуіне кеткен шығар деп ойладық. Бірақ, ол Жұлдызды көрмегенін айтты. Ал телефоны өшіп тұр, мүмкін жоғалтып алған шығар”, – деді туыстары.
Жұлдыздың екі баласы бар. Үлкен ұлы 4-те, ал кішісі төрт айлық.
“Кіші ұлы қазір бронхитпен ауырады. Міне, төрт күн қатарынан анасын іздеп жатыр”, – дейді туысы.
Келіншек үстіне қоңыр түсті қысқа былғары күртеше, түрлі-түсті белдемше мен балетка киген. Кімде-кім Жұлдыз туралы қандай да бір ақпарат білетін болса мына телефон нөміріне хабарласа алады: 8(702) 665-53-45.