jasqazaq.kz

«Қорғастағы» кісі өлтіру оқиғасының жай-жапсары анықталды (видео)

05 маусым 2017, 11:29

Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған адам өлтіру оқиғасының мән-жайы анқыталды.

«Бізге белгілі мәлімет бойынша, 2017 жылдың 4 маусымында сағат 15.40-та «Қорғас» ШЫХО территориясында шекара және кеден өткізу учаскесінде суық қару қолданылған қақтығыс болды. Екі саудагер жанжалдасқан. Олар Қазақстан азаматтары — Кәрібжанов Диас Ернарұлы (1995 жылғы, Көктал ауылында тұрады) және Төлегенов Қуаныш Берікұлы (1992 жылғы, Әулиеағаш ауылында тұрады). Оқиға салдарынан Төлегенов алған жарақатынан ауруханаға барар жолда қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығысты Төлегенов бастаған», — делінген полицияның хабарламасында. Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері «Адам өлтіру» бабы бойынша соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, изоляторға қамалған. Еске салайық, жексенбіде, 4 маусымда Интернетте осы оқиғаның видеосы таралған еді. Қылмыс «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған. Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.

https://youtu.be/tcn6ndVCkEs

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде