jasqazaq.kz

ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті

06 желтоқсан 2024, 11:27

Еліміздің энергетика министрлігі Бірлескен Министрлік мониторинг комитетінің 57-ші отырысы және ОПЕК+ елдері министрлерінің 38-ші кездесуі өткенін хабарлады. Жиынға энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.
Министрлік хабарламасында: «Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растады және ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті.
Қатысушы елдер міндеттемелерді толық сақтаудың және артық орындалған көлемдерді өтеудің айрықша маңыздылығын растады», -делінген.
Сондай-ақ онда 2023 жылдың сәуірінде және 2023 жылдың қарашасында қосымша ерікті қысқартулар туралы жариялаған 8 ел (Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман) ОПЕК+елдерінің 38-ші министрлік кездесуі аясында бөлек басқосу өткізгені айтылған. Осы елдер 2023 жылдың сәуірінде жарияланған қосымша ерікті қысқартуларды тәулігіне 1,65 миллион баррельге 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады. Сонымен қатар, 2023 жылдың қарашасында жарияланған күніне 2,2 миллион баррельге қосымша ерікті қысқартуларын 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартады. Содан кейін нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін 2026 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ай сайын 2,2 миллион баррельге ерікті қысқартулар жойылады. Бұл ай сайынғы өсім нарық жағдайына байланысты тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін.
Өтемақы кезеңі 2026 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартылады.

JQ-Aqparat
Сурет: энергетика министрлігі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді