jasqazaq.kz

Оңтүстікте су тапшы, қайтпек керек?

04 шiлде 2023, 16:11

Суармалы егіншілікті сумен қамтуда тапшылық қатты сезіледі, әсіресе оңтүстік облыстарда. Су шаруашылығына тікелей жауапты бұл түйткілді мәселені қалай шешпек? Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов оңтүстік облыстардағы су тапшылығына қатысты қойылған сауалдарға «Соңғы жылдары суармалы егіншілігі дамыған еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Биылғы вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, өткен жылдың желтоқсанынан бастап дайындық жұмыстары басталды. 2022-2023 жылдардың вегетацияаралық және вегетациялық кезеңдеріндегі жұмыс жоспары бекітілді. Оның шеңберінде қазір бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр. Алдымен, фермерлерді суармалы сумен және жоғарғы ағыста орналасқан су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттермен жұмыс жасалып жатыр. Екіншіден, гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Үшіншіден, суару жүйесінің магистралдық және шаруашылықаралық каналдары тазаланып жатыр», — деді Сейілбек Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі