jasqazaq.kz

Оңтүстік және батыс аймақтар су тасқынына дайын отыруы керек

09 қантар 2024, 12:21

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды.

Премьер-Министр өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басында ауа-райы жауын-шашынды болып, қар көп түскенін атап өтті.

«Бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатыр. Мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түседі», — деді Әлихан Смайылов.

Мәселен, қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр. Сонымен қатар желтоқсан айының ортасында Алматыда Есентай өзені де арнасынан асып кетті. Су деңгейі 1,5 метрге көтерілді.

«Мұндай жағдайлар қыс ортасында, алдағы су тасқыны кезеңіне дейін орын алып отыр. Сондықтан, өңір әкімдіктері аталған мәселелерге арнайы назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек», — деді Премьер-Министр.

Ал «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, биылғы қаңтар-ақпан айларында еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіліп отыр.

«Бұған дайын болу керек. Су ресурстары министрлігі осы бастан су қоймаларын толтыру көлемін анықтап, оны тұрақты түрде бақылап отыруы қажет. Көршілес мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендердегі қауіп туралы үзбей ақпарат алмасу керек. Қажет болған жағдайда, су қоймаларынан суды алдын-ала және қауіпсіз жіберу жөнінде шаралар қабылдануы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы өткен жылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын алған су тасқынына елді-мекендердің айналасында су бұру каналдарының, арықтардың, бөгеттердің жоқтығы себеп болғанын еске салды. Сондықтан қазірдің өзінде оңтүстік және батыс аймақтар жоғары дайындық режиміне өтуі керек.

Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жағдайына ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар нысандарда, коммуналдық және жекеменшік су қоймалары мен бөгеттерде жөндеу жұмыстарын жандандыру қажет.

Әлихан Смайылов ақпан айында «Көктем-2024» оқу-жаттығуларын өткізіп, су тасқынына байланысты жағдай қиындаған кезде нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтауды тапсырды.

JQ-Aqparat

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі