jasqazaq.kz

Оңтүстік өңірлерде жүргізуші куәлігін жасайтын қылмыстық топ құрықталды (Видео)

12 ақпан 2024, 15:49

Оңтүстік өңірлерде заңсыз жүргізуші куәлігін берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Polisia.kz хабарлағандай, Жамбыл облысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқаруын тәжірибе жүзінде тексерместен, ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен ұзақ уақыт бойы айналысқан.

Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан “көмекшілер” кірген.

Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген. Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі