jasqazaq.kz

Онкологияны және туберкулезді ерте сатысында анықтаған дәрігерлерге қосымша ақы төленеді

26 қыркүйек 2023, 13:19

Елімізде науқастардан онкологияны және туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге бонус төленеді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәдімдеді.

Министрдің сөзінше, биыл алты ай ішінде қатерлі ісіктің ерте анықтаудың көрсеткіші 5,6% өскен. Ажар Ғиният қатерлі дерт диагнозын ерте сатысында анықтағандарға қосымша ақы төленетінін айтты.

“Ауруды ерте анықтау мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдар қызметінің сапасы мен нәтижесі үшін мамандардың жалақысына қосымша ақы төлеу түріндегі ынталандыратын пилоттық жоба басталды. Мысалы, учаскелік дәрігер науқастан онкологиялық ауруды және туберкулезді ерте анықтаған жағдайда, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) бонус ала алады”, — деді министр Үкімет отырысында.

Қосымша ақы төлеу 6 индикатор бойынша анықталған:

• Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын онкологиялық аурулар;

• Туберкулез;

• Ана мен бала өлімін ерте анықтау;

• Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы бар (миокард инфарктісі, инсульт, созылмалы жүрек жетіспеушілігі) науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі;

• 2 типті қант диабеті асқынуы бар науқастарды емдеуге жатқызу;

Министр сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғайғанын, 2019 жылы 48 ауру бойынша дәрі-дәрмек сатып алынғанын да айтты. Ажар Ғинияттың дерегінше, 2023 жылы аурулардың тізбесі 3,8 млн адамды қамтып, 126-ға дейін артқан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі